Қазақша жаңалықтар
17 желтоқсан 2018 14:06
 

Юлия Галышева әлем кубогында қола медаль алды

  Пікірлер

blog.share

Юлия Галышева әлем кубогында қола медаль алды Юлия Галышева. © Данияр Майлыбаев

Қазақстандық Юлия Галышева қытайлық Тайвуда өткен фристайлдан Әлем кубогының этапында параллель могулдан қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлады Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Юлия Галышева қытайлық Тайвуда өткен фристайлдан Әлем кубогының этапында параллель могулдан қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлады Vesti.kz.

16 желтоқсанда Галышева жартылай финалға дейін жетіп, олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффоннан ұтылып қалды, бірақ үшінші орынға талас кезінде жапониялық Хинако Томитакодан басым түсті. Финалда Лаффон америкалық Джелин Кауфтан жеңілді, ол жарыстың екі түрінен де алтын медаль алды.

Айта кетейік, 15 желтоқсанда "олимпиадалық" могулда Галышева төртінші орын алды, ал қазақстандық Дмитрий Рейхерд қола жүлдеге ие болды.

Жарнама

Живи спортом!