Қазақша жаңалықтар
2 ақпан 2017 17:44
 

Универсиада рекорды. Құтты болған қысқы ойын

  Пікірлер

blog.share

Универсиада рекорды. Құтты болған қысқы ойын © almaty2017.com

Қазақстан құрамасы төрт күн ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өтіп жатқан ойындарда еліміздің спортшылары алты алтын, екі күміс және жеті қола медальді ұтып алды. 

Осыған дейін еліміздің спортшылары ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылы Гранада қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында көрсеткен еді. Испания жерінде қазақ спортшылары бес алтын және алты күміс медаль алған болатын. 

28-ші рет өтіп жатқан Универсиада ойынында біздің қоржынымызға алтынды әзірше биатлоншылар Алина Райкова мен Галина Вишневская, могулшылар Дмитрий Рейхард және Юлия Галышева, шаңғышы Иван Люфт және де фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек жеңіп алды. 

Күміс медальдарды биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Жібек Арапбаева иемденді. 

Қола медальдарды шаңғышылар Анна Стоян мен Анна Шевченко (екі жүлде), биатлоншы Роман Еремин, конькиші Екатерина Айдова, фристайлшы Павел Колмаков пен Жанбота Алдабергеновалар алды. 

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынға тұрақтап, 15 медальдің иесі атанды. 28-ші қысқы Универсиаданың медальдік сынақтың толық тізімін мына жерден көре аласыздар. 

blog.share
Қазақстан құрамасы төрт күн ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз рекордын жаңартты, - деп хабарлайды 
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Алматыда өтіп жатқан ойындарда еліміздің спортшылары алты алтын, екі күміс және жеті қола медальді ұтып алды.
 

Осыған дейін еліміздің спортшылары ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылы Гранада қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында көрсеткен еді.
Испания жерінде қазақ спортшылары бес алтын және алты күміс медаль алған болатын.
 

28-ші рет өтіп жатқан Универсиада ойынында біздің қоржынымызға алтынды әзірше биатлоншылар Алина Райкова мен Галина Вишневская, могулшылар Дмитрий Рейхард және Юлия Галышева, шаңғышы Иван Люфт және де фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек жеңіп алды.
 

Күміс медальдарды биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Жібек Арапбаева иемденді.
 

Қола медальдарды шаңғышылар Анна Стоян мен Анна Шевченко (екі жүлде), биатлоншы Роман Еремин, конькиші Екатерина Айдова, фристайлшы Павел Колмаков пен Жанбота Алдабергеновалар алды.
 

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынға тұрақтап, 15 медальдің иесі атанды.
28-ші қысқы Универсиаданың медальдік сынақтың толық тізімін
vesti.
kz/medalstanding/1912/">мына жерден
көре аласыздар.
 

Жарнама

Живи спортом!