Қазақша жаңалықтар
29 маусым 2020 18:41
 
Ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды

  Пікірлер

blog.share

Ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды olympic.kz©

Оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жедел штабы ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастырудың уақытша тоқтатылатыны туралы ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Olympic.kz.

1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары белгісіз мерзімге тоқтатылды. Мұндай шешім Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстардың кейінге шегерілуіне байланысты қабылданған.

Сонымен бірге, қазіргі таңда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан команданың барлығы тоқтатылып, бұдан кейін жоспарланған жиындар өтпейтін болады.

"Мұндай шешім қазіргі таңда жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды. Осыған қарамастан бірнеше құрама командалар өздерінің жаттығу жиындарын ойдағыдай жақсы өткізіп үлгерді. Ал кейбір команда барлық қатаң талапты сақтана отырып, спорт нысандарында жаттығуды жалғастыруда. Спортшылардың денсаулығы бірінші орында болғандықтан, жағдайды ескеріп, жаттығу жиындарын тоқтатқанды жөн санадық. Сондай-ақ, бұдан кейінгі жоспарланған жиындарды  белгісіз уақытқа кейінге шегеріп, спортшыларды оқушаулағанды дұрыс таптық", - дейді жедел штабтың жетекшісі, спорт дирекциясының директоры  Елсияр Қанағатов.

1-29 маусым аралығында 12 спорттық нысанда 26 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оған 22 ұлттық құрама командалары қатысты.

ОЖЖ қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған спорт нысандарында  кезең-кезеңімен өтті. Жиынның алдында спортшылар  COVID-19 үшін міндетті тестті тапсырды. ҰОК аккредитациясынан өткен мамандандырылған спорттық базалар  Қазақстан Республикасы мемлекеттік Бас санитар дәрігерінің 10.05.2020 жылы шығарылған №36 спорттық нысандар, базалар және залдардың жұмыс істеу Алгоритмі,  "Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты іс-шараларды әрі қарай қаталдату" туралы Қаулысына сай санитарлық-дезинфекциялы режимді қатаң сақтағауымен оқу-жаттығу жиындары өтті.

Жарнама

Живи спортом!