Белгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда заңгерлер отбасын соққыға жыққан видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Зардап шеккендер Анна Дмитриевич пен оның ері Олег Чернов.
Соққыға жығылған заңгерлер Тұрлыхановтың ұлынан қанша миллион талап ететіндерін айтты
Оқиға 11 ақпан Алматыдағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында болған. Ер адам қасындағы қызын ұрған және оған араша түспек болған ерлі-зайыптыларды соққыға жыққан.
Видеодан Нұрасылдың ер адамды соққы астына алғаны мен әйел адамды ұрып талдырғанын көруге болады.