Түлектердің оң ісі. Екпінді жастары ұстазды еске алуды ерекше өткізді
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылында 2004 жылы бітірген мектеп түлектерінің демеушілігімен ауылдағы белгілі ұстаз Әубәкіров Қанат Ботиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі өтті.
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылында 2004 жылы бітірген мектеп түлектерінің демеушілігімен ауылдағы белгілі ұстаз Әубәкіров Қанат Ботиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі өтті.
Бұл жарысқа аймақ бойынша бірнеше команда қатысқан, жалпы ойыншылар саны 120 адамға жетіпті.
Ауыл мектебін жиырма жыл бұрын бітірген түлкетердің оң бастамасымен өткен жарыс жеңімпаздары “Екпінді жастары” командасы болды. Екінші орында Қабанбай ауылының командасы болды, ал жүлделі үшінші орынды "Сапақ" командасы жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары ауыл мектебінің түлектері жинаған қаражатқа тағайындаған ақшалай сыйлықтар мен кубоктарға ие болды. Мәселен бірінші орын иеленген команда 70 мың теңге ұтып алды.
Одан бөлек жекелей ойыншылар да қалыс қалған жоқ: ойын қорытындысы бойынша “Үздік ойыншы Е. Амангелді (Екпінді), ”Үздік шабуылшы - Р. Рымжанов (Қабанбай), ”Үздік үйлестіруші”- Б. Диальбекұлы (Сапақ) атанды.
Турнирге Шариғатов Дархан, Нүсіпов Есболсын, Бекбосынов Серікхан төрелік еткен.
Жарнама