Қазақша жаңалықтар
21 қараша 2021 20:54

"Тарихта алғаш рет": Каратэден Қазақстан командасы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

©olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем біріншілігінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін ел қоржынына үшінші медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz

Командалық сында қазақстандықтар қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алған еді. Бүгін үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты.

Игорь Чихмарев қарсыласымен тең түсіп, Бейбарыс Жаңбырбай 1:2 есебімен ұтылды. Ал Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов және Нұрнияз Елдашев қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионатында алғаш рет командалық жарыстан жүлде алды. 

Еске сала кетейік, жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport