Шүменовтің Астанадағы жекпе-жегіне 50 Cent пен Snoop Dogg келеді
Астанада 7 шілдеде қазақстандық Бейбіт Шүменов WBA белдігі үшін таласады. Арнайы қонақтар ретінде жекпе-жекке америкалық рэперлер 50 Cent пен Snoop Dogg келеді, деп хабарлады АҚШ-тық Қазақстандағы елшілігіндегілер.

"Әлемнің екі дүркін чемпионы @Beibut_Shumenov @Kazakhstan 7 шілдеде реваншпен оралады, кеш #Astana 20 жылдығына арналады. #event АҚШ-тан арнайы қонақтар шақырылады, @50cent & @SnoopDogg", - деп жазды елшіліктегілер Twitter желісіндегі ресми парақшаларына.
Еске сала кетейік, кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов Астанада WBA (Regular) чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыздың қарсыласы - түрік боксшысы Хизни Алтункай (30-1, 17 КО).
34 жастағы қазақстандық боксшы бұл чемпиондық белбеуді осыған дейін де иеленген. Кейіннен жарақатына байланысты мансабын аяқтаған еді. Қаңтар айында кәсіпқой боксқа қайта оралғанын хабарлаған болатын.
Жарнама