"Шахтердің" Конференция Лигасындағы қарсыласы 4 есе қымбат
Бүгін "Шахтер" Конференция Лигасындағы алғашқы қадамын жасайды. Жеребенің нәтижесі бойынша кеншілер екінші іріктеу айналымда Шығыс Еуропаның белді ұжымы ФКСБ (бұрынғы атауы - "Стяуа") клубымен қонақта ойнайды. Жалпы қарағандылықтар өз тарихында Интертото Кубогі, Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасын қоса алғанда 32 матч өткізген. Команда соңғы рет 2014/15 жылғы маусымда Еуропа Лигасының 3-іріктеу айналымына дейін жеткен.

Осылайша араға 6 жыл салып "Шахтер" кәрі құрлық жарысында бағын сынауға мүмкіндік алып отыр. "Шахтер" мен ФКСБ кездесетіні белгілі болған күннен бастап румыниялық жанкүйерлер келесі кезеңге өз командасы оңай шығады деген пікірлер айта бастады. Әрине, бұл жұптың фавориті ФКСБ екеніне дау жоқ.
Салыстырмалы түрде transfermarket сайты "Шахтер" ойыншыларын 7,05 млн еуроға бағаласа, ФКСБ командасы барлық ойыншысы 31,15 млн еуро екен.
Дей тұрғанымен, кеншілердің қарсыласы Румыния біріншілігі тек бір ресми матч өткізген. "Ботошанимен" кездесіп 0:0 есебімен тең түскен. Ал "Шахтер" ел чемпионатынан бөлек Кубокте де ойнап жүргендіктен нағыз бабында деп айтуға болады. Оның үстіне қарымта ойын Қарағандыда өтеді. Сондықтан Магомед Адиев баптайтын футболшылар қонақта қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуылдарға көбірек күш салса жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Жарнама