Қазақша жаңалықтар
2 қыркүйек 16:35
 

Президент спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты

  Пікірлер

blog.share

Президент спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты ©Ақорда

Бүгін халыққа жолдауын арнаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше  көңіл бөлу қажеттігін айтты, деп жазады Ақорда. 

blog.share

Бүгін халыққа жолдауын арнаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше  көңіл бөлу қажеттігін айтты, деп жазады Ақорда. 

"Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым.

Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!