Қазақша жаңалықтар
14 ақпан 2022 17:40
 

"Оңбай құлады". Ақмаржан Қалмұрзаева фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасында жүлдеге іліге алмады

  Пікірлер

blog.share

"Оңбай құлады". Ақмаржан Қалмұрзаева фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасында жүлдеге іліге алмады ©Сали Сабиров, ҚР ҰОК

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалдық кезеңі аяқталды. Ақтық сында өнер көрсеткен Ақмаржан Қалмұрзаева жүлдеге іліге алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалдық кезеңі аяқталды. Ақтық сында өнер көрсеткен Ақмаржан Қалмұрзаева жүлдеге іліге алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Финалдық кезеңнің бірінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 4,028 қиындығымен жаттығуға тапсырыс берген. Дегенмен жаттығу барысында құлап, 52,36 ұпай алды. 

Ал екінші жаттығуда отандасымыздың сол аяғы тайып кетіп, трамплинге жетпеді. Сөйтіп ол жүлдеге таласатын спортшылардың арасына қосыла алмады. 

Бірақ ұйымдастырушылар оған тағы бір қосымша мүмкіндік берді. Оны Ақмаржан сәтті қолданып, жаттығуды дұрыс орындады. Дегенмен төрешілер тарапынан төмен ұпай алып, тек 11-орынға табан тіреді. 

Еске салайық, бұған дейін осы бағдарламада өнер көрсеткен Жанбота Алдабергенова финалға шыға алмай қалған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!