Қазақша жаңалықтар
2 ақпан 2019 17:29
 

"Ол болашақта Головкиннің шыңына жетеді" - сарапшы Садриддин Ахмедов жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Ол болашақта Головкиннің шыңына жетеді" - сарапшы Садриддин Ахмедов жайлы Геннадий Головкин және Садриддин Ахмедов

Кәсіби бокс әлеміндегі канадалық сарапшы Лорент Поулин бірінші орта салмақтағы WBC "жастар" чемпионы қазақстандық Садриддин Ахмедовты (7-0, 7 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен (38-1, 34 КО) салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Сарапшылардың көбінің пікірімен келісемін. Садриддин Ахмедов - тамаша, болашағы мықты боксшы. Ол - жаңа жұлдыз және канадалық бокс сүйер қауым оның жасаған шоуын қуана бақылайды. Ал рингтен тыс ол өте қарапайым, тәрбиелі жігіт. Бұл қазақстандық боксшылардың басты ерекшелігі.

Мен Головкиннің АҚШ-тағы карьерасын бастаған кезін еске алдым. Ахмедов отандасына ұқсайды. Екі боксшы да бірінші болуды және жарқын жекпе-жек көрсетуді қалайды. Менің ойымша, ол болашақта Головкиннің шыңына жетіп, халқы үшін талай тарихи жеңіс әкеледі", - дейді Поулин.

Еске салсақ, 27 қаңтарда канаданың Монреалында болған бокс кешінде Ахмедов төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы "жастар" әлем чемпионы атағына ие болды.

Осы жекпе-жектен соң Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 сатыға көтерілді (201-ден 85-орынға). Ал канадалық сарапшы Филипп Сен-Мартен жанкүйерлерге қазақстандықтың есімін жаттап алуға кеңес берді.

Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр. Ол 2018 жылы дебют жасап, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. Ал әуесқой бокста Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management атты канадалық промоутерлік компания қорғайды.

blog.share
Кәсіби
бокс
әлеміндегі
канадалық
сарапшы
Лорент
Поулин
бірінші
орта
салмақтағы
WBC
"жастар"
чемпионы
қазақстандық
Садриддин
Ахмедовты
(7-0,
7
КО)
танымал
отандасы
Геннадий
Головкинмен
(38-1,
34
КО)
салыстырды,
-
деп
хабарлайды
Vesti.kz
тілшісі.
/>
/> "Сарапшылардың
көбінің
пікірімен
келісемін.
Садриддин
Ахмедов
-
тамаша,
болашағы
мықты
боксшы.
Ол
-
жаңа
жұлдыз
және
канадалық
бокс
сүйер
қауым
оның
жасаған
шоуын
қуана
бақылайды.
Ал
рингтен
тыс
ол
өте
қарапайым,
тәрбиелі
жігіт.
Бұл
қазақстандық
боксшылардың
басты
ерекшелігі.
/>
/> Мен
Головкиннің
АҚШ-тағы
карьерасын
бастаған
кезін
еске
алдым.
Ахмедов
отандасына
ұқсайды.
Екі
боксшы
да
бірінші
болуды
және
жарқын
жекпе-жек
көрсетуді
қалайды.
Менің
ойымша,
ол
болашақта
Головкиннің
шыңына
жетіп,
халқы
үшін
талай
тарихи
жеңіс
әкеледі",
-
дейді
Поулин.
/>
/> Еске
салсақ,
27
қаңтарда
канаданың
Монреалында
болған
бокс
кешінде
Ахмедов
төртінші
раундта
22
жастағы
мексикалық
Абрахам
Хуаресті
(13-5,
5
КО)
нокаутқа
түсіріп,
WBC
нұсқасы
бойынша
бірінші
орта
салмақтағы
"жастар"
әлем
чемпионы
атағына
ие
болды.
/>
/> Осы
жекпе-жектен
соң
Ахмедов
BoxRec
рейтингінде
116
сатыға
көтерілді
(201-ден
85-орынға).
Ал
канадалық
сарапшы
Филипп
Сен-Мартен
жанкүйерлерге
қазақстандықтың
есімін
жаттап
алуға
кеңес
берді.
/>
/> Ахмедов
осымен
кәсіпқой
бокстағы
жетінші
кездесуін
өткізіп
отыр.
Ол
2018
жылы
дебют
жасап,
қарсыласын
уақытынан
бұрын
жеңген
болатын.
Ал
әуесқой
бокста
Ахмедов
2016
жылы
жастар
арасындағы
әлем
чемпионатында
жеңімпаз
болған.
Оның
мүддесін
Eye
of
the
Tiger
Management
атты
канадалық
промоутерлік
компания
қорғайды.
Жекпе-жек Головкин Геннадий Садриддин Ахмедов

Жарнама

Живи спортом!