Қазақша жаңалықтар
5 ақпан 09:39
 

Көлікті 5 минуттан артық қыздырған үшін айыппұл жоқ болып шықты

  Пікірлер

blog.share

Көлікті 5 минуттан артық қыздырған үшін айыппұл жоқ болып шықты ©Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты шектеу жоқ. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

blog.share

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты шектеу жоқ. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс депутаттары, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері автокөлікпен жолаушылар тасымалдау саласындағы мемлекеттік функциялардың бір бөлігін өзін-өзі реттеуге беру туралы түзетулерді қарады. Бүгінде тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.
 
Пікірталас барысында депутаттар Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепехаға азаматтарды адастыратын резонанстық ақпаратқа жедел әрекет етудің маңызын атап өтті. Мәселен, автокөлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салынатыны айтылуда.

"Автокөлікті 5 минуттан артық қыздыруға шектеу жоқ. Елді мекендерде тұрғындарға қолайсыздық туғызған жағдайда механикалық көлік құралдарымен оталдырған қалпы тоқтап тұруға тыйым салынады. Тек арыз түскен жағдайда ғана бұл норма бойынша жауапқа тартамыз. Былтыр осындай үш жағдай тіркеліп, оның бірі прокуратура тарапынан жойылды. Яғни, біз көлік қыздырған адамды жауапқа тартпаймыз", – деді вице-министр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!