Тергеушілер белгілі қазақстандық балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың кінәсін дәлелдеді. 19 жастағы жігітті заңгерлер отбасы - Анна Димитриевич пен Олег Чернов өздерін соққыға жықты деп айыптаған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 11 ақпан Алматыдағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында болған.
Соққыға жығылған заңгерлер Тұрлыхановтың ұлынан қанша миллион талап ететіндерін айтты
Мұхит Жауғашев, ҚР ІІМ Оңтүстік-өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы:
- Жеделтергеу амалдары бойынша күдікті ретінде Болат Н.Д. кінәсі толықтай дәлелденді. ҚК 107-бабы, 2-тармағымен жүргізілген тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іспен танысу жүріп жатыр. Бәрі біткеннен кейін Алматы әскери сотына жібереміз. Қазір Болат Н.Д. әскери бөлім бақылауында.
Олег Чернов:
- Бізді ұрып жатқан видеоны кім және не үшін салғанын білмейміз. Сосын ол болған оқиғаның бір бөлігі ғана. Бізде одан да сорақы видеолар бар. Көздегеніміз ақша емес — әділдік. Бұл келеңсіз жайт барлығына сабақ болу керек. Тұрлыхановтың баласы жазасыз қалмау керек. Істі соңына дейін жеткіземіз.