Қазақша жаңалықтар
3 желтоқсан 2022 19:48
 

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы өмірден озды

  Пікірлер

blog.share

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы өмірден озды ©ЦСКА

Атақты баскетболшы Әлжан Жармұхамедов бүгін, 3 желтоқсанда бақилық болды. Ол 78 жасында дүние салды. 

blog.share

Атақты баскетболшы Әлжан Жармұхамедов бүгін, 3 желтоқсанда бақилық болды. Ол 78 жасында дүние салды. 

Әлжан Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978, 1980 жыл), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979). 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды. 1979 жылы "КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері" атағына ие болды. Қос саусағы мен көру қабілетінің кемшіндігіне қарамастан, Әлжан КСРО-ны қоса алғанда, кәрі құрлықтың талай додасында топ жарған-ды. Бойшаң қазақтың шеберлігіне тәнті болмағандар кем де кем. Әлемге әйгілі жаттықтырушы Александр Гомельскийдің өзі Әлжанды "құрығына түсіру үшін" сан түрлі әдіс қолданған. Ақыр аяғында спортшыны Мәскеуге "конвоймен" алдыртуға мәжбүр болыпты. Осының бәрі қазақтың бағына туған баскетболшының талантын еріксіз мойындағаны үшін…

Әлжан ағамыз оңтүстігіміздегі көршінің ыңғайына жығылғанда, әлдеқашан-ақ Ташкенттің төрінде мадақ-марапатқа малынып отырар ма еді… Ол қарағайға қарсы біткен бұтақ тәріздес қалпында. "Мені қазақ емес деп кім айтады? Әлде, 1972 жылдан бұрын Олимпиада чемпионы болған қазақ бар ма? Әкем Мүсірбектің тегі тарихқа енді, оны өзгерту әсте мүмкін емес. Менің әкем – қазақ, шешем – орыс…", дейді даңқты баскетболшы.

Әлжан Жармұхамбедов Табақсай аулы, Бостандық ауданы (сол кездегі саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы) 2 қазан 1944 жылы туған. Әкесі - Жармұхамедов Мүсірбек, анасы – Прасковья Жеронкина-Жармұхамедова, әйелі – Лариса Жармұхамедова. Балалары Владислав (1969 жылы туған) пен Сергей (197), Мәскеу қаласында тұрады. Әлжанның ұлты туралы баспасөз беттерінде көп жазылған, біреулер өзбек деді, біреулер татар деді. Әлжанның өз аузынан айтқаны, қаны да жаны қазақ екендігі, тіпті, руы кіші жүз, жаппас екендігі. Қазақ екендігі баяғы совет паспортында да жазулы екен, жұртшылық биографиясын білмегендіктен, әр саққа жүгірткен сияқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!