Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңдегі қысқы ойындарға 27 қаңтар күні ұшып кетеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазіргі таңда Олимпиада алдындағы соңғы күндерді дұрыс ұйымдастыру аса маңызды. Қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық олимпиада комитеті ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін қатал шаралар қолдануда.
Спортшыларға күнделікті жүріс-тұрысын енгізіп отыратын "плейбук" шығарылды. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге барады.
Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Жарыста жалпы есепте 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.