Қазақша жаңалықтар
6 ақпан 2022 15:50

Қазақстандық шаңғышы Бейжіңде төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталады

©Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Бейжің Олимпиадасында шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) бәсекесі аяқталды.  

30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысқан болатын. Қазақстандық Виталий Пухкалов төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-ші орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойған. Осылайша, отандасымыз Пхенчандағы нәтижесін қайталады. Пухкалов 2018 жылғы Олимпиадада жарыс жолын 32 болып аяқтаған еді. 

Ал тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ. 

Скиатлоннан Олимпиада чемпионы атағын ресейлік Александр Большунов жеңіп алды. Күміс медальді оның отандасы Денис Спицов иеленсе, қола медальді финляндиялық Ийво Нисконен еншіледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport