Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов 44-ші секундта америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің андеркартасындағы бесінші кездесу болды. Шоудың басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады.
Ахмедов пен Эрнандес жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ бірінші раундтың 44-ші секундында аяқталды. Бұл кездесуге қазақстандық боксшы "Нью-Йорк Рейнджерс" хоккей клубының киімінде шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарнама