Қазақша жаңалықтар
8 ақпан 2017 13:03
 

Қазақстан Универсиада тарихындағы көрсеткішін үш есе жақсартты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Универсиада тарихындағы көрсеткішін үш есе жақсартты

Алматыда өтіп жатқан қысқы ойындарында Қазақстан құрамасы Универсиада ойындары тарихындағы өзінің ең жоғарғы көрсеткішін үш есе жақсартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындары Қазақстан спорты тарихында ең үздік көрсеткіш ретінде ерекше орын алады. Қазақстан құрамасы бұған дейін мұнша медаль алып көрген жоқ еді.

2015 жылы Испанияның Гранада қаласында өткен жарыста қазақстандықтар 11 медальға қол жеткізген, оның ішінде бес алтын және алты күміс медаль жеңіп алған болатын.

Салыстырмады түрде қарайтын болсақ, Алматыда біздің спортшылары Универсиада тарихынжа жеңіп алған жүлде көрсеткішін үш есеге жақсартты. Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар Алматыда өтіп жатқан жарыстың төртінші күнінде-ақ Испанияда тіркелген рекордтың мұртын бұзды. Ол кезде спортшыларымыз алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль иеленген.

Дәл қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар 35 медальға қол жеткізді: 11 алтын, жеті күміс және 17 қола. Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасына жалпы есепте екінші орынға табан тіреуге мүмкіндік берді. Бірінші орында Ресей құрамасы, олар 70 медальға қол жеткізді (28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль).

Сонымен қатар, қазақстандық хоккейшілер бүгін бір медальға таласатын болады. Бірақта қандай медаль екені әзірге белгісіз. Қазақстан - Ресей құрамаларының ерлер арасындағы хоккей матчы Астана уақытымен 15:00-де басталады. 

blog.share
Алматыда өтіп жатқан қысқы ойындарында Қазақстан құрамасы Универсиада ойындары тарихындағы өзінің ең жоғарғы көрсеткішін үш есе жақсартты, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындары Қазақстан спорты тарихында ең үздік көрсеткіш ретінде ерекше орын алады.
Қазақстан құрамасы бұған дейін мұнша медаль алып көрген жоқ еді.


2015 жылы Испанияның Гранада қаласында өткен жарыста қазақстандықтар 11 медальға қол жеткізген, оның ішінде бес алтын және алты күміс медаль жеңіп алған болатын.


Салыстырмады түрде қарайтын болсақ, Алматыда біздің спортшылары Универсиада тарихынжа жеңіп алған жүлде көрсеткішін үш есеге жақсартты.
Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар Алматыда өтіп жатқан жарыстың төртінші күнінде-ақ Испанияда тіркелген рекордтың мұртын бұзды.
Ол кезде спортшыларымыз алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль иеленген.


Дәл қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар 35 медальға қол жеткізді: 11 алтын, жеті күміс және 17 қола.
Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасына жалпы есепте екінші орынға табан тіреуге мүмкіндік берді.
Бірінші орында Ресей құрамасы, олар 70 медальға қол жеткізді (28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль).


Сонымен қатар, қазақстандық хоккейшілер бүгін бір медальға таласатын болады.
Бірақта қандай медаль екені әзірге белгісіз.
Қазақстан - Ресей құрамаларының ерлер арасындағы хоккей матчы Астана уақытымен 15:00-де басталады.
 

Жарнама

Живи спортом!