Қазақстандық Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұқашбеков ядро лақтыру сайысында бірінші болды - 15,74 метр.
Бұл жарыста үшінші орын да өзге қазақстандық Иван Зелезнякқа бұйырды - 12,39 метр, ал күміс БАӘ спортшысында (12,99).
Бұл Ханжоуда Қазақстан қоржынына түскен алтыншы алтын. Сонымен қоса, елімізде 11 күміс пен 19 қола бар.