Қазақстан Азиададағы жүлделер саны бойынша үздік бестікке кірді

Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстанның жалпы жүлделер саны бойынша қай орында екені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстанның жалпы жүлделер саны бойынша қай орында екені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы жалып 80 жүлде иеленді, бұл елімізге бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, Қазақстанға спорта бәсекелес Өзбекстан құрамасы 71 жүлдемен алтыншы болды.
Бірінші орында Қытай - 383. Одан кейін Оңтүстік Корея - 190 және Жапония - 188.
Қазақстан қоржынындағы 80 жүлденің оны алтын, 22 күміс және 48 қола.
Азиада кеше, 8 қазанда аяқталды.
Жарнама