Қазақша жаңалықтар
6 маусым 2023 14:58

Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев Францияда өткен бәйгеде бірінші келді

©Видеодан кадр

Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді "Катар При" атжарысына қатысып, екі рет бас жүлдені иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті.

Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған. Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға кеңінен танымал болғанымен, Францияның атсүйер қауымы арасында аса танымал емес. Бірақ соған қарамастан, Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ақтады. Шабандоз Шантийиде 6 бәйгеге қатысып, оның сәйгүлігі екі рет мәреге бірінші болып келді. Енді бірнеше аптадан кейін отандасымыз "Париж Гран приінде" бағын сынайтын болады.

"Франция ат спорты саласында Еуропадағы ең үздік ел саналады. Менің мансабым Чехияда басталған. Содан кейін Германияда болдым. Енді міне, Францияға келіп еңбек етіп жатырмын. Бұған дейін жұмыс істеген елдерімде чемпион болдым. Францияда да 2-3 жыл ішінде осы биік белеске жетуді мақсат етіп отырмын", - дейді шабандоз Бауыржан Мұрзабаев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport