Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы коронавирус жұқтырды

Қазақша күрестен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақша күрестен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі спортшы Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады. Оның вирус жұқтырғаны туралы қала әкімдігі хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бүгін Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледждерінің екі директоры - Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақша күрестен үш дүркін әлем чемпионы және "Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров түсті", - деп хабарлайды Семей әкімдігі.
Әкімдік қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Нұғымаров коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол қазақша күрестің еліміздегі ең танымал өкілі.
Жарнама