Қазақша жаңалықтар
7 шілде 2022 11:02

"Қарындастарын қорғамақ болған". Жас чемпионды он адам жабылып ұрған

©НТВ

Сочиде "Фрегат" демалыс орнының қызметкерлері белоруссиялық спортшыны таяқ және арматурамен сабап тастаған, деп хабарлайды Іz.ru.

Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен спортшының анасы айтып берді. Оның сөзінше, самбошы жігіт 6 және 14 жастағы қарындастарын қорғаған екен. Қыздар қарбыз турап, оны демалушыларға тегін ұсынған. Жағажай қызметкерлеріне бұл ұнамай қалған көрінеді. Олар қыздарға зіркілдеп дауыс көтерген, мұны көрген ағасы араға түскен. 

Осыдан кейін спортшы жұдырық ала жүгірген үш адамды құлатып тастаған. Артынша оған тағы он адам жабылып, таяқ және арматурамен сабап тастаған. Оқиғадан кейін спортшы жансақтау бөліміне түскен екен. 

Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, төбелеске қатысы барлардың бірі ұсталыпты. Зардап шеккен 23 жастағы спортшы самбодан Минск чемпионы екені белгілі болды, алайда, аты-жөні айтылмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport