Қазақша жаңалықтар
26 шілде 2019 15:36

"Канело" мен Ковалевтің жекпе-жек өткізетін күні анықталды

© ringtv.com
Орта және екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің (33-3-1, 28 KO) жекпе-жегі болуы ықтимал күндер аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Golden Boy промоутерлік компаниясының және DAZN стриминг платформасының басшылығы Альварес пен Ковалев арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру әрекетін тоқтатпады, - деп мәлімдеді "Чемпионат.сом" BoxingScene-ге сілтеме жасап.
Бірқатар дереккөздерге сілтеме жасай отырып, басылым бұл жекпе-жек 2019 жылы 19 немесе 26 қазанда өтуі мүмкін деп мәлімдеді. Екі тарап жақын арада жекпе-жекті өткізуге уағдаласса, онда Ковалев Челябинскіде болатын міндетті үміткері Энтони Ярдпен кездесуін кейінге қалдырады. Ұлыбританиялықтың командасында мұндайға алдын ала келісім берілді.
Ал Альвареске келетін болсақ, Ковалевпен келіссөздер сәтсіз өтсе, ол 19 немесе 26 қазанда IBF белбеуіне ресми үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездеседі. Сонымен қатар, DAZN "Канелоның" Ковалевпен немесе қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегін міндетті түрде көргісі келеді, сондықтан Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығамын деп кепілдік берсе ғана ол Деревянченкомен жұдырықтаса алады.

Сонымен қатар, Альварес келесі жекпе-жегін Ковалевке қарсы өткізсе, онда IBF мексикалықты титулынан айырады, себебі ол міндетті жекпе-жектен бас тартып отыр.