ХОК президенті 2032 жылғы Олимпиада жайлы пікір білдірді
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2032 жылы Брисбендегі Жазғы ойындар жайлы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2032 жылы Брисбендегі Жазғы ойындар жайлы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Брисбен мен Квинслендтің төртжылдықтың басты жарысын өткізу құқығына ие болуы 2032 жылы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарын абыроймен ұйымдастыра алады деген сөз. Жарысты қабылдайтын елдің экономикасы жоғары болғандықтан, болашаққа сеніммен қараймыз", - дейді Бах.
Еске салайық, Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында Брисбен 2032 жылы Жазғы ойындарды қабылдайтыны туралы шешім қабылданған болатын. Әдетте аталмыш жарысты өткізуге бірнеше қала таласқа түссе, бұл жолы тек Аустралияның шаһары ұсыныс тастаған. Осылайша "жасыл" құрлық Олимпиаданы осымен үшінші рет қабылдайын деп отыр. Алдымен 1956 жылы Мельбурн және 2000 жылы Сидней қаласы үлкен турнирді қабылдаған болатын.
Жарнама