HBO телеарнасының сарапшысы Харольд Ледерман WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион америкалық Даниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл бүгінде орта салмақтағы екі мықты боксшылардың жекпе-жегі болмақ. Головкин еш күмәнсіз әлем бойынша орта салмақтағы боксшылардың ең мықтысы. Ол орта салмақтағы барлық титулды жеңіп алды. Головкиннің жұдырығы ерекше. Сондай-ақ, ол өзінің кәсіпқой және әуесқой бокстағы мансабында бір де бір рет нокдаунға түскен емес. Ол 300-ден аса кездесу өткізген. Головкин тамаша боксшы. Көпшілігі оны қазіргі уақытта әлемдегі бірінші боксшы деп санайды", - деді Ледерман.
Ал Джейкобс, сарапшының айтуынша, жақсы боксшы. "Ол барлығына өзінің мықтылығының соншалықты күшті екенін тіпті ісікті жеңіп шыққанын айтқан болатын. Оның айтуынша, енді оны рингте ешкім де ұрып-соға алмайды. Дэннидің қолы ұзын, ол жұдырықтаса алады. Ол расында жақсы қимылдайды, соққыға да жақсы жығады. Сондықтан бұл жекпе-жек орта салмақтағы үздік боксшылардың кездесуі болмақ", - деді Ледерман.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді.

Жарнама