Головкинді жекпе-жекке шақырған әлем чемпионы 4 рет жеңіліс тапқан қарсыласын нокаутқа түсіре алмады
WBA (Super) нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы және WBC (Diamond) титулының иегері британиялық Каллум Смит өзінің отандасы Джон Райдерді жеңіп, белбеулерін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Смит дүниеге келген және қазір тұрып жатқан Ливерпульде Echo аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болды. Кездесу нокдаунсыз өтті, 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімі бірауыздан шықты - 117-111, 116-112, 116-112. Сонымен қатар, төртінші раундтан бастап Смиттің оң қабақ жағы жырылып жұдырықтасты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
29 жастағы Смиттің бұл 27-ші жеңісі (19 нокаут), ол әлі жеңіліп көрмеген, ал 31 жастағы Райдер бірінші рет әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасып, бесінші рет жеңіліске ұшырады, оның қоржынында 28 жеңіс (17 нокаут) бар.
Еске салсақ, Райдерге сәуір айында Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек ұсынылған болатын, бірақ ол бас тартты, нәтижесінде қазақстандық боксшы 8 маусымда канадалық Стив Роллспен (19-1, 10 КО) кездесіп, DAZN стриминг сервисіндегі дебюттік жекпе-жекгінде нокаутпен жеңді.
Жарнама