Ел чемионаты. Көкпардан алғашқы күннің қорытындысы шықты
Алматы облысы Қарасай батыр ауданында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы күні аяқталды.
Алматы облысы Қарасай батыр ауданында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы күні аяқталды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 команда екі топ болып тартысқа түсіп жатыр. Алғашқы күні, яғни 4 қараша күні алаңға І топтағы Қарағанды облысы мен Алматы қаласы, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы өзара мықтыны анықтаса, ІІ топта Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысы және Атырау облысы - Шымкент қаласы құрамалары өзара мықтыны анықтады.
Алғашқы күннің қорытындысы мынадай:
Қарағанды облысы – Алматы қаласы – 1:8
Түркістан облысы – Қызылорда облысы – 11:0
Шығыс Қазақстан облысы – Алматы облысы – 1:9
Атырау облысы – Шымкент қаласы – 0:8
Ертең көкпардан топтық кезең ойындары жалғасатын болады.
Жарнама