Қазақша жаңалықтар
7 қараша 2018 13:37
 
Денис Теннің құрметіне Алматыда ескерткіш тақта орнатылды

  Пікірлер

blog.share

Денис Теннің құрметіне Алматыда ескерткіш тақта орнатылды © Тengrinews.kz

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына КСРО еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова мен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова келді.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Жарнама

Живи спортом!