Қазақша жаңалықтар
13 наурыз 2017 11:20
 

Біздің қолда болса "Канело" Головкинмен Коттодан бұрын жұдырықтасар еді - Леффлер

  Пікірлер

blog.share

 Біздің қолда болса "Канело" Головкинмен Коттодан бұрын жұдырықтасар еді - Леффлер © iSport.ua

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегіне қатысты жай-жапсарларды айтып берді, - деп хабарлайды fightnews.com.

"Біздің қолда болса, бұл жекпе-жек "Канело" мен Котто кездесуіне дейін өтер еді. Котто да Головкинге міндетті қарсыластар тізімінде болған. Мұның бірі Серхио Мартинестен басталды. Серхио орта салмақтағы ең мықты боксшы болып тұрған кезде, Головкин онымен жекпе-жек өткізгісі келді, ол болса салмақ аустырған және өзінен әлдеқайда кіші Коттомен жұдырықтасуды ойлады. Одан кейін Котто Головкиннің орнына "Канеломен" жұдырықтасатын болды. Бұл бір нәрсені ғана білдіреді: егер GGG оңай жеңіліп қалатын қарсылас болса, оған кезек үлкен болатын еді. Одан қашпау керек болатын. Оның 23 қарсыласын жер жастандырғанына көндігу керек. Адамдар Головкинмен бір ринге шықса, 12 раунд бойы жалығып жүрмей, сазайын тартатындарын біледі. Бұл бокс та "басымдық" немесе "жұдырықтасқанға дейінгі нокаут" деп аталады.

Еске салайық, мұның алдында "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя жекпе-жек бойынша келісімшарттың Головкиннің командасында екенін, алайда, GGG не болып жатқанынан хабарсыз екенін айтқан.

blog.share
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегіне қатысты жай-жапсарларды айтып берді, - деп хабарлайды
fightnews.
com/Boxing/golovkin-haters-interview-part-2-397515">fightnews.
com
.


"Біздің қолда болса, бұл жекпе-жек "Канело" мен Котто кездесуіне дейін өтер еді.
Котто да Головкинге міндетті қарсыластар тізімінде болған.
Мұның бірі Серхио Мартинестен басталды.
Серхио орта салмақтағы ең мықты боксшы болып тұрған кезде, Головкин онымен жекпе-жек өткізгісі келді, ол болса салмақ аустырған және өзінен әлдеқайда кіші Коттомен жұдырықтасуды ойлады.
Одан кейін Котто Головкиннің орнына "Канеломен" жұдырықтасатын болды.
Бұл бір нәрсені ғана білдіреді: егер GGG оңай жеңіліп қалатын қарсылас болса, оған кезек үлкен болатын еді.
Одан қашпау керек болатын.
Оның 23 қарсыласын жер жастандырғанына көндігу керек.
Адамдар Головкинмен бір ринге шықса, 12 раунд бойы жалығып жүрмей, сазайын тартатындарын біледі.
Бұл бокс та "басымдық" немесе "жұдырықтасқанға дейінгі нокаут" деп аталады.


Еске салайық, мұның алдында "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя жекпе-жек бойынша келісімшарттың Головкиннің командасында екенін, алайда, GGG не болып жатқанынан хабарсыз екенін айтқан.

Жарнама

Живи спортом!