Бұрынғы спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға қатысты 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді", - делінген хабарламада.
28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетте ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
- Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
Жарнама