Бейжің Олимпиадасына Қазақстан атынан үш биатлоншы қатысады
Биатлоннан Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасына 12 жолдама жеңіп алды. Төртжылдықтың басты додасында еліміздің атынан Галина Вишневская, Александр Мухин және Владислав Киреев сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Мақсат Шаранов айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Биатлоннан Олимпиада лицензиясы команданың маусымдағы көрсеткіштеріне қарай берілетін. Алайда, пандемияға байланысты Халықаралық биталоншылар одағы жарыс жоспарын түгелдей өзгертті. Бұрын 1-ден 20-шы орынға дейінгі командаларға төрт квота, 20-23 орынға екі квота, 24-ші орыннан әрі қарай Wild Card берілетін. Биыл тек 20-шы орынға дейінгі командалардың квотасы сақталып, одан төмен орналасқандар жекелей көрсеткіші бойынша жолдама иеленді. Ал мұндай орындар бар болғаны 12 ғана.
Тағы бір айта кетерлігі, Қытай командасы ТОП-20 қатарына енбесе, жарысты қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде Wild Card бойынша 4 квота иемденеді. Нәтижесінде, сегіз бос орынға 35 команда таласады. Ал эстафетада 27 құрама бақ сынайды. Осыған орай, біздің қыздар командасының алдында төрт жолдама алу мақсаты тұрды. Алайда біздің құраманы Қытай қуып жетіп, біз квотадан айырып қалдық. Қазақстан атынан Галина Вишневская ғана қатысады.
Ерлер командасының алдында екі жолдама алу мақсаты тұрған. Олар бұл жоспарды орындады. Олимпиадаға Александр Мухин мен Владислав Киреев қатысады. Лицензия бүкіл командаға берілді. Бірақ осы екі спортшының еңбегі көп. Қазіргі сәтте олар команданың үздігі саналады", - деді бас бапкер.
Жарнама