Қазақша жаңалықтар
4 ақпан 2022 23:30

Бейжің Олимпиадасына барған 300-ден астам адамнан короновирус анықталды

©

23 қаңтардан бері Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарына келушілер арасында COVID-19 жұқтырған 308 адам анықталды. Бұл туралы жұма күні жарияланған "Бейжің-2022" ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ресми сайттағы ақпарат бойынша, 23 қаңтардан бері Қытайға 5255 спортшы мен ресми тұлғалар және басқа 6708 өкіл келді. ПТР-тестілеу нәтижесінде әуежайда және ойындардың барлық қатысушылары тұратын "жабық алаңда" 308 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 111 – атлеттер мен ресми тұлғалар арасында, 197 – мүдделі тарап өкілдері арасында.

Еске салайық, ХХІV қысқы Олимпиада ойындары 2 ақпан мен 20 ақпан аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында болады. Бұл ойындарда 109 жүлде  сарапқа салынады. Қазақстан құрамасының намысын 34 спортшы қорғайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport