Қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбургтегі бокстан әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетов төрешілердің шешімімен төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крустан басым түсті.
Екінші раундта Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға жіберді. Мұндай жеңіс оның бес жекпе-жегінің төртеуінде болған.
"Ла Крусты жеңгенім үшін жаттықтырушыларға және онымен бірнеше рет жекпе-жек өткізген ағама рақмет. Ол менімен тәжірибе бөлісіп, жеңіске жетуіме көмектесті. Финал алдында көңіл-күйім тамаша. Мен дайынмын!"- деді Нұрдәулетов.
30 жастағы ла Крус 2011, 2013, 2015 және 2017 жылдары әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Ал енді ұзақ уақыттан кейін алғаш рет турнирде жаңа чемпион болады.