Қазақша жаңалықтар
24 тамыз 2022 12:51

"Бапкерлер "қайыршыға" айналды". Тұрлыханов спортқа бөлінетін қаржыны тексеру туралы

©Сурет ғаламтордағы ашық ақпарат көзінен

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановқа еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеру жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды Halyq-uni.kz

"Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Лұқпанұлына үндеу жолдағым келеді. Қазір елімізде спорт саласы сын көтермейтін жағдайға жетті. Спортшыларды айтпағанда, жаттықтырушыларымыз "қайыршыға" айналды. Елімізде спортшылардың жарыстарға дайындалуына тиісті жағдай жасалмаған", –  деді Тұрлыханов.

Осы ретте, Дәулет Болатұлы республикалық және жергілікті бюджеттен еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеріс болу керектігін атап өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport