"Бапкерлер "қайыршыға" айналды". Тұрлыханов спортқа бөлінетін қаржыны тексеру туралы
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжановқа еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеру жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды Halyq-uni.kz.

"Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Лұқпанұлына үндеу жолдағым келеді. Қазір елімізде спорт саласы сын көтермейтін жағдайға жетті. Спортшыларды айтпағанда, жаттықтырушыларымыз "қайыршыға" айналды. Елімізде спортшылардың жарыстарға дайындалуына тиісті жағдай жасалмаған", – деді Тұрлыханов.
Осы ретте, Дәулет Болатұлы республикалық және жергілікті бюджеттен еліміздегі бұқаралық спортқа, жоғары жетістіктер спортына бөлінген қаржыға тексеріс болу керектігін атап өтті.
Жарнама