Азиада-2018: Қазақстан қоржынына оныншы күміс медаль түсті
Қазақстан Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарындағы оныншы күміс медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарындағы оныншы күміс медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл медальді ел қоржынына ескекшілер алып келді. Илья Голендов пен Андрей Ергучев бір шақырымдық жарыста Қытай өкілдерін ғана оздырып алды, олар 0,214 секунд алда келді. Үшінші келген - Өзбекстан спортшылары.
Бұл медаль Қазақстан үшін 53-нші. Осылайша, дәл қазір құраманың активінде 10 күміс, 9 алтын және 34 қола медаль бар. Медальдардың жалпы саны бойынша Қазақстан қазір 11-нші орында тұр.
Жарнама