Атырау облысында футболдан кейін төбелесте 22 жастағы жігіт қаза болды
©
Сағыз ауылында футболдан жолдастық кездесуден кейін төбелес басталып, 22 жастағы жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі caspiannews.kz-ке сілтеме жасап.
Сағыз ауылында футболдан жолдастық кездесуден кейін төбелес басталып, 22 жастағы жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі caspiannews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ойын барысында жігіттер арасында жанжал шығып, кейін төбелеске ұласқан. Салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылып, екіншісі, әскерден жақында оралған 22 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза болды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Оған қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жарнама