Қазақша жаңалықтар
23 желтоқсан 2017 09:50
 
Арман Оспанов Мәскеудегі жекпе-жегінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсіміне шықпай қалды

  Пікірлер

blog.share

Арман Оспанов Мәскеудегі жекпе-жегінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсіміне шықпай қалды Фото ACB

Қазақстандық файтер Арман Оспанов кеше, 22 желтоқсанда кешке ресейлік промоушен Absolute Championship Berkut 77 турнирінің алдында, Мәскеуде өткен салмақ өлшеу және көз арбасу рәсіміне келген жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz  спорт порталы.

Оспановтың (8-1) рәсімге неліктен шықпағаны әзірше белгісіз. Алайда, ринг-анонсер оның көрсеткішін 66,6 келі деп хабарлады.

Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Алексей Полпудников (24-4-1) болады, оның салмағы - 66,2 келі.

Бұл турнирге тағы бір қазақстандық файтер қатысады, ол - Асылжан Бақытжанұлы (6-0). Бақытжанұлы өз қарсыласынан жеңіл болып шықты. Қазақстандық спортшының салмағы - 91,1 келі, ал ресейлік Муслим Махмудов (9-4) - 93,3 келі.

ACB 77 турнирі 23 желтоқсанда өтеді. Оспанов - Полпудников жекпе-жегі 23 желтоқсанға қараған түні болады, алдын ала болжам бойынша, шара Астана уақыты бойынша сағат 01.00-де басталады.

Еске салайық, файтерлер бұған дейін 2013 жылы Сочи турнирінде кездескен болатын. Ол кезде қазақстандық файтер 58-секундта нокаутпен жеңді. Айта кетейік, Арман Оспанов Instagram парақшасында өз жанкүйерлерін салмақ өлшеу рәсіміне шақырған болатын. Алайда сол рәсімге өзі келмей қалды.

Жарнама

Живи спортом!