Қазақша жаңалықтар
5 тамыз 2019 13:20

Альвареспен жұдырықтасуға дайынмын - Головкин

© Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) чемпиондық титулынан айыру туралы шешіміне пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Кім біледі. Өзінен сұрап көріңіз, мен дайынмын", - деді Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жектің болу мүмкіндігі туралы LA TImes сұрағына жауап ретінде.


Енді Головкинді қазанның соңында немесе қарашаның басында болатын бос IBF титулы үшін Деревянченкомен жекпе-жек күтіп тұр. 


"Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді Головкин.


Айта кетейік, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алды. Головкин де IBF титулынан 2018 жылы осыған ұқсас жағдайда айырылған еді - ол да Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқан. 2018 жылы қазанда украиналық боксшы бос тұрған титулды америкалық Дэниэл Джейкобспен сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңілген.


Ал биыл мамырда IBF титулының иегері өзгерді - Джейкобс Альварестен жеңіліп қалған. Ал Деревянченко Джек Кулькайға қарсы іріктеу жекпе-жегін өткізіп, тағы да міндетті үміткер атанған болатын.