Алматы облысының 2 қала, 7 ауданынан жиналған 90-ға жуық спортшы жүлделерді сарапқа салды. Жарыс тоғызқұмалақтың классика және блиц түрлерінен 3 күн бойы өтті. Бүгінгі ашылу салтанатына Тоғызқұмалақ федерациясының басшылары, тоғызқұмалақ спортынан ұлттық құраманың жаттықтырушылары, бұқаралық спортты дамыту орталығы мамандары мен спортшылар қатысты. Жеңімпаздар ақпан айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.
“Бұл жарыс - облыстағы биыл өтіп жатқан алғашқы жарыс. Өткен жылы Алматы облысының тоғызқұмалақ шеберлері жақсы нәтиже көрсетті. Біздің ұл-қыздар республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Атап айтсақ, Батыр Ернұр, Қуатжанқызы Назира, Хабанбай Інжу, Дәулетбек Томирис, Есентай Арсен сияқты дарынды жастар өсіп келеді. Биыл да облыс мақтаныштары биіктерден көрінер деген сенім мол”, - дейді облыстық федерация президенті Жарас Ниязбек.
Классика ойыны бойынша ұлдар арасында
1) Батыр Ернұр
2) Альназаров Кенжебек
3) Ахмет Нұргиса
3) Оразбай Иманғали
1)Байдаулетова Мөлдір
2) Даулетбек Тамирис
3) Шамшархан Ақерке
3) Қуатқызы Меруерт
1) Батыр Ернұр
2) Есентай Арсен
3) Оразбай Иманғали
3) Балағаз Ислам
1) Мақсатқызы Ақнұр
2) Даулетбек Тамирис
3) Шамшархан Ақерке
3) Ермекқызы Перизат
Аталған ұлттық спорт түрі соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Былтыр жыл соңында Чехияда, Түркияда және Қырғызстанда халықаралық жарыстар өткен. Сонымен қатар, Үндістан, Колумбия, бірнеше еуропа елдерінде ұлттық спорт тоғызқұмалақ ерекше дамып жатыр. Федерациялар құрылып, көпшіліктің қызығушылығы артуда.