26 жастағы қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадірова Неапольде (Италия) өткен сұлулық байқауында Гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық спортшы "Miss Europe Continental-2022" халықаралық сұлулық байқауына шақырту алып, үздік ондыққа енді де, кейін жеңімпаз атанды.
Әбілқадірова грэпплингтен қазақтан шыққан жалғыз әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол теледидар экрандары мен журналдардың мұқабасында жиі көрінетін модель және актриса.