32 жастағы Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұған дейін осы қызметте отырған Дәурен Абаев орнынан босатылды.
"Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.