Қазақша жаңалықтар
27 қаңтар 09:58
 

180 келі қазақ Император кубогінде ең мықты үш балуанның қатарына кірді

  Пікірлер

blog.share

180 келі қазақ Император кубогінде ең мықты үш балуанның қатарына кірді ©Алексей Алекссевтің facebook парақшасынан

Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл Токиода өткен Хацу бащёның ең жоғарғы алаңы Макучи дивизионындағы жарыста үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды massaget.kz.

blog.share

Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл Токиода өткен Хацу бащёның ең жоғарғы алаңы Макучи дивизионындағы жарыста үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды massaget.kz.

Ерсін сумода Кинбозан Харуки атымен күреседі. Жылдың алғашқы жарысын отандасымыз сәтті бастады. 15 күн ішінде 13 қарсыласын ұтып, 2-не ғана жол берді. Соңғы жарыс күніне дейін көш бастап тұрды.

Соңғы жарыс күні қорытындысы бойынша Кинбозан секілді нәтижеге моңғол Хошорю Бямбасүрэн мен жапон Охо Коносуке де қол жеткізді. Нәтижесінде үш спортшы өзара күресіп, үздікті анықтады. 

Айналмалы жүйеде өткен чемпиондық белдесуде Ерсін екі қарсыласына да есе жіберіп алды. Моңғол балуаны чемпион атанып, сумоның ең жоғарғы атағы Ёкозуна дәрежесіне қол жеткізді. Бұл атаққа ие болған 6-шы моңғол сумошысы атанды. 

Ерсін былтыр осы Хацу бащёны 4-орынмен аяқтаған еді. Былтырғы нәтижесі – 11 жеңіс, 4 жеңіліс.

Қазақстандық сумошы Хацу бащёда үздік үштіктен көрінгені үшін кантосе (жеңіске деген жігері үшін) жүлдесін және 12,8 мың АҚШ долларын иеленеді. Сондай-ақ рейтингі жоғарылайтын болады. Ол кәсіби сумода осындай жетістікке жеткен алғашқы қазақ спортшысы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!