Карате
31 қаңтар 16:18

Қазақстандық бұрымды каратеші әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

©

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта көш басына шықты, деп хабарлайды massaget.kz сайты.

Мөлдір жуырда ғана Парижде өткен халықаралық рейтингтік лигада қола медаль еншілеген болатын. Бұл нәтиже оның рейтингте бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

1️⃣ Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) - 5490 ұпай
2️⃣ Иоргелис Салазар (Венесуела) - 5350
3️⃣ Эма Сгарделли (Хорватия) - 3312

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай - каратэден әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы (2023 жыл). Ол сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионатының алтын, 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ханчжоудағы Азия ойындарында екінші орын алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport