Қазақстандық Азия чемпионы Ханчжоуда алтынға айқасады

Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов 2023 жылғы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов 2023 жылғы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың 1/2 финалында 75 келіде өнер көрсететін Нұрқанат малайзиялық Рагхонатхан Шармендранды жеңді (4:3).
Енді ол Азиаданың алтын жүлдесіне таласады. Айта кетейік, Әжіқанов әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 51 жүлдесі бар - бес алтын, 11 күміс және 35 қола.
Жарнама