Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов 2023 жылғы Азия ойындарының финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алтын үшін жекпе-жекте 75 келіде өнер көрсететін Нұрқанат Иордания спортшысын жеңді (8:0).
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Азиаданың 8 алтыны, 12 күміс және 37 қоласы бар.
Айта кетейік, Әжіқанов әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері және Азияның үш дүркін чемпионы.