Сметов Қазақастаннан кетіп азаматтығын ауыстыра ма? Федерация мәлімдеме жасады

Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев белгілі дзюдошы Елдос Смтетов Қазақстаннан кетіп, басқа ел азаматтығын аламын десе, қандай ойда болатынын айтты, деп жазады Vesti.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

- Сметов Қазақстаннан кетемін десе, не дер едіңіз?
"Қайда?" - деп таңданды Есекеев.
- Мәселен, оған дзюдо отаны - Жапония құрамасын жаттықтыруды және азаматтық алуды ұсынады делік?
"Елдос еліміздің мақтанышы екені түсінікті. Солай болып қалады да. Біз де спортшыларды шақырғанбыз, мысалы, франциялық Олимпиада чемпиондарын құрамамызды жаттықтыру үшін. Бұл қалыпты практика. Біздің құраманы бұрын Ресей командасын дайындаған жаңа бапкерлер жаттықтырып жатыр", - деп жауап берді Есекеев.
Жарнама