Дзюдо
23 қазан 2023 16:32

Қазастан Азия пара ойындарында жетінші жүлде жеңіп алды

©instagram.com/csp_parasport.kz

Қазақстандық парадзюдошы Әнуар Сариев Ханжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

J2 санатындағы 62 келі салмақта (көруі нашар спортшылар) Сариев қола үшін белдесуде қытайлық Чжао Сюден басым түсті. 

Енді Қазақстан қоржынында жеті жүлде бар - екі алтын, екі күміс және үш қола.

22 мен 28 қазан аралығы өтетін бұл жарысқа Азияның 43 елінен 4000 спортшы келген. Қазақстан атынан Қытай елінде өтіп жатқан додаға 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport