Дзюдо
2 қазан 15:10

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының жүлдесіне таласады

©odo-kures.kz

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Талғат Орынбасар қола жүлдеге таласады.

Талғат 60 келіге дейінгі салмақта италиялық Винченцо Манферлоттиді жұбаныш белдесуінде таза жеңді. 

Осылайша, қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Енді қазақстандықтың қарсыласы әзірбайжандық Низами Имранов болады. 

66 келіге дейінгі салмақтағы Мағжан Әлжановтың да үшінші орынға таласуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ол жұбаныш айналымында қарсыласы италиялық Алеесио Де Лукеге есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport